Қордай: Қордай ауданы ұстаздары уағыз-насихат айтты

Қордай: Қордай ауданы ұстаздары уағыз-насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті айда өткен рухани кеште, аудан ұстаздарын аудандық әйел-қыздар секторы басшысы Эльмира Аманқожақызы таныстырды. Олар  «Рахман» мешіті ұстазы - Айгул Жолдасқызы, «Құдайберген» мешіті ұстазы - Малика Аханқызы, Қордай ауылдық мешіті ұстазы - Жұлдыз Жұмабайқызы.

  Ұстаздар қауымы әйел жамағатын мубарак аймен құттықтап, парыз амалды орындауда отбасы мүшелеріне жәрдемдесуі, ізгі амалдың басында, не қасында жүруге үндеу жасады. Осы айды барынша пайдалы, жалғасын табатын амалмен толтыруды насихаттады.

Сөз соңын «Ауыз біршілігіміз мықты, жамағатымыз ұйыған, білімге құштар, Алланың разылығын қалайтын мұсылмандардан болсын!» деген ниетпен аяқтады.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: