Байзақ: ҚМДБ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «РАМАЗАН СЫЙЫ» ТАРАТЫЛДЫ

Байзақ: ҚМДБ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «РАМАЗАН СЫЙЫ» ТАРАТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы «Ар-Рахман» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 35 жыл толуына орай «Рамазан сыйы» атты республикалық қайырымдылық марафоны аясында 50 отбасыға азық-түлік салынған қораптар таратылды.

       Айтулы шараға Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және ауыл имам-молдаларымен көмекке мұқтаж отбасылар қатысты.

      Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы 50 отбасын қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Әртүрлі санаттағы отбасыларға сынаққа сынбай, сабыр етсеңіздер, Жаратқанның пендесіне берер сыйы мол, оразамыз қабыл болсын, деп насихат айтты. Қасиетті айда ізгі шарада демеушілік танытқан дін жанашырларының кәсібіне береке тіледі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: