Меркі: «Ас беру мәдениеті» турасында жиын өтті

Меркі: «Ас беру мәдениеті» турасында жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітініде «Ас беру мәдениеті»  турасында ауданға қарасты мешіт жанындағы асханаларға жауапты имамдар мен қызметкерлердің қатысуымен жиналыс өтті.

Жиын барысында аудан бас имамы Азамат Берікұлы сөз қозғап Қазақстан  мұсылмандар діни басқармасы бекіткен «Ас беру мәдениеті» құжатнамасын таныстырып, мешіт жанындағы асханалардың мәзірін шариғатымыздың шеңберінен шықпай, дәстүріміздің негізінде бір реттілікке келтіріп, ысырапқа бой алдырмауға шақырды.

Себебі қазіргі таңда қазақ қоғамының Құдайы ас, садақа дастарханын жаяу барысында өте үлкен ысырапшылық жасап, тіпті дастарханға ниет етіліп қойылған астарымздың аяқ-асты етіліп қоқыстарға тасталып жатқанында көзіміз көруде. Бұндай ысырапшылықтың соңы жақсылққа апармайтыны баршамызға мәлім. Құдыретті Алла Тағала қасиетті Құранда: «...Жеңдер, ішіңдер және ысырап етпеңдер, Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді»  деп ескертеді. «Пайғамбарымыз да  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ашаршылықтан қорқыңдар және ысырапшылықтан сақ болыңдар», - деп ескерткен. 

Құрметті мұсылман бауырлар ысыраптан сақтанайық. Ысырап болған жерде береке болмайды. Алла берген нығметтің қадіріне жете білейік!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: