Меркі ауданы, Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінің имамы Молдашев Нұрбол Меркі ауданындағы әскери бөлімшесіндегі отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздармен жүздесіп, «Лудомания, ойын құмарлық» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Нұрбол имам құмар ойнаудың зардабы жайлы, лудоманияның қазіргі таңдағы қазақ қоғамына әсері, әсіресе жастарды құрдымға кетіріп жатқан дүние екені жайлы сөз қозғады. Осы құмар ойынға салынудың себебінен бүгінгі таңда қаншама отбасының шаңырағы ортасына түсіп, ойран болып жатқаны турасында уағыз – насихат айтылып, сарбаздарға бұл дерттің зияны мен қасіреті жайлы кеңінен түсіндірілді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі