Қордай: Аудан бас имамы әйел-қыздар жамағатына насихат айтты

Қордай: Аудан бас имамы әйел-қыздар жамағатына насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы әйел-қыздар сектор басшысы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен Қасиетті Рамазан айы құрметіне орай «Берекелі ай – Рамазан» атты рухани кеші болып өтті. Жиынды арнайы шақыртумен келген аудан бас имамы Алмуханбет Айтмуханұлы  Құран аятын оқумен ашып берді. Жиынға келген әйел-қыздар жамағатын айлардың сұлтаны «Рамазан» айымен  құттықтап, осы айды пайдалы, берекелі өткізу  шарттарын айтып түсіндірді. Бас имам өз сөзінде кешке жиналған барша қауымға «Ата-ананы құрметтеу – перзент негізі» және «Отбасы құндылықтары»  атты тақырыбында уағыз-насихат айтып, өз насихатына ата-енені сыйлау жайында да тілге тиек етіп өтті.

Дәстүрі мен дінін бірге дәріптеген Әжелер алқасы мүшелері «Жақсы әйел үй дәулеті, Жақсы шапан той дәулеті» - деген мақалға сүйене отырып аудан бас имамына алғыс айтып, үстіне шапан жауып, басына бөрік кигізді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: