«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы аудандық орталық кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп, №9 Меркі колледжінің шәкірттерімен «Бес парыздың бірі – ораза» тақырыбында ашық сұқбат алаңын өткізді.
Кездесу барысында бас имам Азамат Берікұлы Рамазан айының қадір-қасиеті мен ораза ұстаудың пайдасы және сауабы туралы тағылымды әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен әрбір мұсылман ер мен әйелге ораза парыз екені жөнінде уағыз-насихат айтты.
Жиынға қатысқан колледж студенттері де өз ойларымен бөлісіп, оразаға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Рамазан айы баршамызға құтты, берекелі болсын!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі