Меркі: Мешіттердің дыбыс зорайтқышы жөнделді

Меркі: Мешіттердің дыбыс зорайтқышы жөнделді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты бірнеше мешіттің дыбыс зорайтқыштары жөндеуден өтіп, жаңасы орнатылды. «Азанды ел – азбас» демекші, бұрынғы дыбыс зорайтқыштар ескіріп, істен шыққандықтан, ауыл тұрғындары азан даусын естімей жүрген болатын. Осы мәселені шешу мақсатында «Тәтті» мешіті мен «Сиқымбай ата» мешітінің азаны Рамазан айының қарсаңында анық әрі жақсы естіліп тұруы үшін жаңа дыбыс зорайтқыштар орнатылды.

Азан сөзі араб тілінен аударғанда «хабарлау», «құлақтандыру» деген мағынаны білдіреді. Шариғаттағы мағынасы – мұсылмандарды намаз уақытының кіргенінен хабардар ету, құлшылыққа шақыру.

Ауыл имамы осынау сауапты іске атсалысқан барша жандарға алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: