МОЙЫНҚҰМ: АРАҚСЫЗ АУЫЛ

МОЙЫНҚҰМ: АРАҚСЫЗ АУЫЛ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауылында "Арақсыз ауыл" ұранымен дүкен иелеріне насихат жұмыстары жүргізілді. Бұл игі бастаманы Мойынқұм ауданының бас имамы Рысбай Асылбекұлы Еспенбетов көтеріп, арақ-шарап сатпауға шақырды.

Эстафета ретінде жолданған бұл бастама Биназар, Бірлік, Мыңарал, Шығанақ сынды ауылдарда да өз жалғасын тапты.

"Арақ – бүкіл жамандықтың есігі. Егер біз ауылдарымыздың тыныштығын, ұрпағымыздың амандығын ойласақ, ішімдіктен бас тартуымыз керек", – деді бас имам.

Бұл бастаманы қолдаған ауыл кәсіпкерлері қасиетті Рамазан айында арақ-шарап сатпауға уәде берді.

Мойынқұм ауданының баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: