МОЙЫНҚҰМ: ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

МОЙЫНҚҰМ: ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданы, Қылышбай ауылдық мектебінде "Исламдағы бала тәрбиесінің орны" тақырыбында танымдық кездесу өтті. Бұл шараны "Рәтқұл ата" мешітінің молдасы Әлихан Жайлаубеков ұйымдастырды.

Бала тәрбиесі – қай заманда да өзекті тақырып. Ислам діні баланың рухани және адамгершілік тәрбиесіне ерекше мән береді. Кездесу барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, ізгілікке баулу және нәпсіні тәрбиелеудің маңыздылығы туралы айтылды.

"Жастайынан өз нәпсісін жеңе білген бала, есейгенде жаман әдеттерден бойын аулақ ұстай алады", – деді Әлихан Жайлаубеков.

Кездесу барысында мұғалімдер мен ата-аналар бала тәрбиесіне қатысты өзекті сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Мойынқұм тілшісі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: