Мойынқұм ауданы, Қылышбай ауылындағы "Рәтқұл ата" мешітінде ауыл молдасы Әлихан Жайлаубековтің ұйымдастыруымен жамағат арасында шахматтан жарыс өтті.
Шахмат – ойлау қабілетін дамытатын, стратегияны жетілдіретін интеллектуалды ойын. Осыны ескере отырып, мешіт жамағаты ақыл-ойды шыңдау, ойлау жүйесін дамыту мақсатында шахмат сайысына қатысты.
Бұл жарыс жамағат арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, пайдалы іспен айналысуға ынталандырды.
Мойынқұм ауданының баспасөз қызметі


                                    04 Қараша 2025
                                    13 Джумада-авваль 1447

