Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылды "Ислам және отбасы құндылығы" жылы деп жариялағаны белгілі. Осыған орай, Мойынқұм ауданының бас имамы Р. Асылбекұлы жас отбасылардың басын қосып, отбасы құндылықтарына арналған дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу барысында ер мен әйелдің отбасындағы міндеттері, олардың шаңырақтың беріктігін сақтаудағы рөлі талқыланды.
"Ер адам – отбасының берік іргетасы болса, әйел – үйдің жылуы мен берекесі", – деді бас имам. Сондықтан толыққанды жанұя болу үшін ер мен әйелдің бір-бірін толықтырып, өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке негізделген қарым-қатынас орнатуы маңызды.
Жиынға қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, отбасы құндылықтары туралы пайдалы кеңестер алды.
Мойынқұм тілшісі