Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы Қостөбе ауылдық «Қостөбе» мешітінің жамағатымен кездесіп, Рамазан айымен құттықтап, «Құранға деген махаббат» тақырыбында насихат айтты.
Бақытбек Бауыржанұлы насихатында: «Хәкім Абай қара сөзінде: «Махаббаттың төлеуі – махаббат» деп айтқанындай, Құранға махаббат қойып, ынтамен оқыған адамға Құран да солай жауап береді, жаттаған аяттары көкейіне тез қонады, оны терең түсінуіне жол ашады», - деді.