#Шу: "БІРЛІК" АУЫЛЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

#Шу: "БІРЛІК" АУЫЛЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам және отбасы құндылықтары жылы аясында "Бірлік" ауылында игілікті қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Қасиетті Рамазан айында сауапты істердің еселеніп жазылатындығын ескерген "Бірлік" мешітінің имамы Медет Жұматай демеушілік танытып, жеті отбасыға арнайы Рамазан қоржындарын табыс етті. Жалпы қайырымдылыққа 150 000 теңге қаражат жұмсалды.

Бұл игі іс-шара Рамазан айының басты қағидалары – мейірім, қамқорлық және бауырмалдық ұғымдарын насихаттауды көздейді. Қайырымдылық алған отбасылар өз ризашылықтарын білдіріп, мешіт ұжымына алғыс айтты.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: