Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Әбдірашит ата мешітінде Әбдешұлы Назарбай атамызды еске алуға арналған аудандық Құран жарысы өтті. Бұл игі шараны мешіт имамы Ахат Қайыпбергенұлы ұйымдастырып, қазылық міндетін Әбдібай ата мешітінің имамы Асқарбек Серікұлымен бірге атқарды.
Жарысқа 20 жас өрен қатысып, Құранның соңғы он сүресін жатқа оқудан өзара бақ сынасты. Бағалау барысында Құран оқу мәнері, тәжуид ережелерін сақтауы және дауысының тазалығы басты критерийлер ретінде есепке алынды.
Тартысты өткен жарыс нәтижесінде жүлдегерлер анықталды:
1-орын – Рита апа (65 жас) – 50 000 тг
2-орын – Бауыржанұлы Мансұр – 30 000 тг
3-орын – Кенжеханұлы Асылжан – 20 000 тг
Жарыстың ең үздік қатысушысы атанған Рита апамыз өз табандылығымен жас буынға үлгі бола білді. Сөз кезегінде Асқарбек Серікұлы оны ерекше атап өтіп, Алладан күш-қуат тіледі.
Сонымен қатар, жарысқа қатысқан барлық оқушыларға ынталандыру мақсатында 10 000 тг көлемінде сыйақы берілді. Жиын барысында Асқарбек Серікұлы Құран жаттаудың артықшылығы мен оқушының Алла алдындағы дәрежесі туралы тағылымды насихат айтып өтті.
Өз кезегінде, Ахат Қайыпбергенұлы жарыстың жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдірген Назарбай атаның ұрпақтарына алғысын жеткізді.
Әбдірашит ата мешітінің баспасөз қызметі