#Шу: Орталық мешітте ауызашар берілді

#Шу: Орталық мешітте ауызашар берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының келуімен орталық «Жәми» мешітінде алғашқы ауызашар дастарханы жайылды. Алла разылығы үшін таңның атысы мен күннің батысы аралығында ішіп-жемнен, нәпсі қалауларынан тыйылып, сабыр мен төзімділік танытқан мұсылман жамағаты ақшам намазынан кейін мешіт асханасында бас қосып, берекелі ауызашар дастарханынан дәм татты.

Ислам және отбасы құндылықтары жылына орай Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев ас басында қасиетті Рамазан айының маңыздылығын тілге тиек етіп, уағыз-насихат айтты. Оразаның қадірлі кешінде көпшілік терме тындап, құлақ сүйсіне тындады.

Бұл игі шара жамағаттың ризашылығын арттырып, Рамазанның шапағатын сезіндіре түсті.

Шу аудандық «Жәм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: