ТАЛАС: ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

ТАЛАС: ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбдірашит ата мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы жамағатқа теріс діни ағымдардың қоғамға тигізер зияны мен олардың зардаптары туралы кеңінен уағыз-насихат жүргізді.

Жиын барысында имам жастардың дұрыс діни білім алуын қамтамасыз ету, олардың санасын жат идеологиядан қорғау мәселелеріне тоқталып, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, өскелең ұрпақты иманды, отаншыл, намысшыл әрі әділ етіп тәрбиелеудің ел болашағы үшін аса маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу соңында жиналған жамағат өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, рухани азық алғандықтарын жеткізді.

Әбдірашит ата мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: