ТАЛАС: "АРАҚСЫЗ РАМАЗАН" ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ

ТАЛАС: "АРАҚСЫЗ РАМАЗАН" ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айына орай Әбдірашит ата мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы және учаскелік полиция қызметкері Бекмұрат Кенжебекұлы қаламыздағы дүкендерді аралап, "Арақсыз қала" челленджін ұйымдастырды.

Шара барысында Ахат Қайыпбергенұлы кәсіпкерлерге Рамазан айының берекесі мен сауапты амалдары жайлы түсіндіріп, күнә есігі саналатын арақ-шарапты кем дегенде осы айда сатпауды ұсынды. Өз кезегінде учаскелік полиция қызметкері арақтың қоғамға тигізер зиянын, оның көптеген қылмыстарға себепші болатынын айтып, кәсіпкерлерді бұл челленджді қолдауға шақырды.

Нәтижесінде, бірнеше дүкен иелері Рамазан айында арақ-шарап сатылымын тоқтатуға уәде беріп, игі бастамаға қолдау білдірді.

Бұл челлендж қасиетті айдың рухани тазалығын арттырып, қоғамдағы ізгілік пен тәртіпті нығайтуға бағытталған игі қадам болды.

"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: