Тамды ауылы. Тәңкібай ата мешітінің имамы Нұрбол Мырзаханұлының ұйымдастыруымен "Бата – сөздің анасы" атты аудандық бата беру жарысы өтті.
"Батамен ел көгерер" деген дана сөзді ұстанған аузы дуалы ақсақалдар сайысқа түсіп, өзара бақ сынасты. Тартысты әрі қызықты өткен бұл жарыс халқымыздың асыл дәстүрін дәріптеп, жастарға үлгі боларлық рухани шараға айналды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – Құралбаев Қанатбек (100 000 тг және кілем)
I орын – Егемберді Жүсіп (70 000 тг)
II орын – Ошақбай Досымбек (50 000 тг)
III орын – Көшкінбай Мұхаммедияр (30 000 тг)
Тәңкібай ата мешітінің баспасөз қызметі