Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Сәду Шәкіров ауылында ауқымды қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. "Байтоқты баба" мешітінің имамы Оспанов Бақдәулеттің ұйытқы болуымен және ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен өткен игі іс-шарада әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға азық-түлік пен жеміс-жидек, көкөністер таратылды.
Әр отбасыға берілген азық-түлік себетінің құны 30 000 теңгені құрап, жалпы қайырымдылыққа 3 000 000 теңге қаржы жұмсалды. Өз кезегінде, Бақдәулет имам сауапты іске атсалысқан барша кәсіпкерлер мен ауыл азаматтарына шынайы алғысын білдіріп, жасаған амалдарының қабыл болуын тіледі.
"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі
 
 


                                    04 Қараша 2025
                                    13 Джумада-авваль 1447

