Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Сәду Шәкіров ауылындағы "Байтоқты баба" мешітінде рухани атмосфера қалыптасты. Мешіт имамы Оспанов Бақдәулеттің ұйымдастыруымен мешіт алдына Рамазан айына арналған баннер ілініп, жамағатқа айдың келуінің қуанышын сезіндіру мақсатында ішкі безендіру жұмыстары жүргізілді.
Мешіттің ішіне түрлі түсті шарлар мен кіші шамдар ілініп, ерекше рухани жылулық сыйлайтын сәндік жұмыстар жасалды. Бұл игі бастамаға жамағат ризашылығын білдіріп, Рамазанның ерекше рухын сезінуге мүмкіндік туғанын атап өтті.
"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі