Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні аудандық мешіт жамағаты ерекше рухани көңіл күйде қарсы алды. Ауданның бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы жамағатты ұлы айдың келуімен құттықтап, Рамазанның – мұсылмандар үшін шынайы мейрам, жомарттық пен тақуалықты арттыратын қасиетті уақыт екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, имам мешітте тарауих намазында Құран Хатым түсіру үшін арнайы келген қариларды жамағатқа таныстырып, бұл айда жасалатын ізгі амалдардың артықшылығы жайында насихат айтты.
Аудандық "Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі