Қордай: Рамазанға дайындық жиыны өтті

Қордай: Рамазанға дайындық жиыны өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы дін қызметкерлері Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтады. Мұсылмандар үшін қасиетті, құтты саналатын берекелі айға да санаулы күндер қалды.

Жиынға қатысқан дін қызметкерлеріне ауданның бас имамы құлшылық үйлері мен мешіт асханаларының тазалығына көңіл бөлу, мешіттерді әсемдеу  сынды біршама тапсырмалар берді. Жамағат алдында отыз күн қызмет қылып, әсем дауысымен тарауих намаздарын жүргізетін қарилардың киім үлгісіне мән беру керектігін ескерді.

Қасиетті Рамазан айы бүкіл мұсылман жұртшылығы құтты, берекелі болсын! Қылған құлшылық, ұстаған оразаларымызды Жаббар иеміз қабыл қылсын!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: