Аудандық «Қордай» мешітінде өткен жылдық жоспарды талқылау отырысында аудан мешіттері алты аймаққа бөлінді.
Бірінші аймақ жауаптысы болып «Қордай ауылдық» мешітінің азаншысы Мухамедов Бекзат, екінші аймаққа Жаңатұрмыс ауылының имамы Өмірзақов Нұртуған, Үшінші аймаққа Кенен ауылының имамы Рахимов Саят, Төртінші аймаққа Масаншы ауылы «Қордай» Құран қариларының директоры Аманбаев Саламат, Бесінші аймаққа аудандық мешіт наиб имамы Нұрберді Жалғас, алтыншы аймаққа Ауқатты ауыл имамы Шапбулат Нұрдулат тағайындалды.
Әр аймақ басшысы өздеріне қарасты мешіт тазалығы мен тәртібін сақтауға, Орталықтан берілген тапсырмаларды орындатуға міндеттелді. Алла Тағалам имамдардың қызметіне береке берсін!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі