Қордай ауданы ақсақалдары Жамбыл облысына тағайындалған облыс имамын жаңа қызметімен құттықтады. Алладан жеңілдік сұрап, қызметіне береке тілеген ақ баталы қариялар имамға ілтипат көрсетіп, шапан жапты.
Жамбыл облысы жаңа бас имамы Асқар Зәкіржанұлының Қордай ауданы үшін орны ерекше! Жоғары білімді дін қызметкері көптеген жылдар бойы ауданымыздың руханиятына әсері зор. Көптеген шәкірт тәрбиелеп, жамағаттың жүрегінен орын алған азамат!
Алла Тағалам қызметіне береке, табыс нәсіп еткей! Алдағы уақытта облысымыздың руханиятына қосар үлесі көп деп үміт етеміз!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі.