Қордай ауданы дін қызметкерлері Жамбыл облысы бас имамының алғыс хатын алды. Атап айтқанда "Үздік имам" номинациясы бойынша Булар батыр ауылы «Булар Батыр» мешітінің имамым Акамбаев Самат, "Ардагер имам" номинациясы бойынша Сортөбе ауылы «Хамид бин Бадый» мешітінің молдасы Паншаров Губар, "Үздік азаншы" номинациясы бойынша «Сортөбе» мешітінің азаншысы Сыва Рамазан қари, "Үздік ұстаз" номинациясы бойынша аудандық Қордай мешіттің ұстазы Эльмира Есимқараева, "Үздік тазалықшы" номинациясы бойынша 20 жылдан астам уақыт аудандық мешіттің тазалығын қамтамасыз етіп отырған Кентбала Отаршиева марапатталды.
Бас имам асыл дініміздің өркен жаюы жолында қажыр-қайрат көрсетіп, еңбек қылып жүрген дін қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.
Аудандық «Қордай» мешітіні баспасөз қызметі