Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылының мешіті жанында халыққа арналған асхана ашылды. Қасиетті Рамазан қарсаңында ашылған хатымханада ауызашарлар беріліп, ел-жұрт жақсылыққа жиналатын болады.
Ашылу салтанатын ауданның бас имамы Алмуханбет Айтмуханұлы уағыз-насихатымен бастап берді. Игі іске атсалысқан ауыл тұрғындарына Алланың үйін жаңғыртуға қосқан үлесі үшін өз алғысын білдірді.
Салтанатты кешке ауданның бүкіл имамдары, дүнген ұлтты аудан тұрғындары, Саыбұлақ ауылы тұрғындары мен қонақтары және арнайы шақырумен Қордай ауданы әйел-қыздар секторы басшысы өз жамағатымен қатысты.
Жиында имамдар мен ақсақалдар уағыз-насихат айтып, қонақтар ізгі тілектерін жеткізді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі