#Шу: «Рамазан – рухани азық» атты куиз жарысы өтті

#Шу: «Рамазан – рухани азық» атты куиз жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Төле би» мешітінің ұстазы Ғалия Байториеваның демеушілігімен әйел-қыздар секторында «Рамазан – рухани азық» атты ойын кеші өтті.

Жарысқа Шу аудандық 4 мешіттің ару қыз-келіншектері қатысып, бақ сынасты. Ойын шартына сай  қасиетті Рамазан айы мен сира бойынша куиз сұрақтарына жауап беру мен әртістік қабілеттерін көрсете отырып, көрініс қойылумен сыналды.

Әділ қазы алқалары жеңімпазды анықтап, жүлдері сыйлықтарын табыстады. Өз кезегінде:

I орын «Жәми» мешіті 30 000 теңге  

II орынға «Кунту баба» мешіті 20 000 теңге

III орынға «Кәрібай молда» мешіті 15 000 теңге

VI орынға  “Төле би” мешіті 10 000 теңге сый таратылды.

Шара соңында «Кәрібай молда» мешітінің ерлер жамағаты қатысушыларға арнап дастархан жайып, рухани кешті одан әрі мәнді ете түсті. Бұл игі іс әйел жамағатының діни білімін арттырып, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтудық басты көрінісі болды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: