Қасиетті Рамазан айының қарсаңында «Ішімдіксіз Рамазан» жобасының аясында Меркі ауданына қарасты имамдар кәсіпкерлерді қасиетті Рамазан айында арақ-шарап ішімдіктерін сатпауға шақырды.
Аудан және ауыл имамдары әр дүкенді зиярат етіп, дүкен иелеріне: "Арақ-шарап ішуден де, сатудан да, біздің асыл дініміз қайтарған. Сол себепті Рамазанда арақ сатпаңыздар қасиетті айға құрмет ретінде" - деп насихат жұмысын жүргізді.
Ескерту мұсылмандарға пайда береді демекші, дүкен иелері Рамазан айында арақ-шарап сатпауға келісім берді. Кейбір дүкен иелері мүлдем ішімдік атаулыдан бас тартыпты.
Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Арақ он түрлі қырынан қарғысқа ұшырады: арақтың өзі, оны ішуші мен құйып беруші, сатушы мен сатып алушы, дайындаушы мен дайындатушы, әкелуші мен әкелдіруші және арақтан түскен пайданы жеуші Алла тарапынан қарғысқа ұшырады» ( Абу Дауд, Ахмад, Ибн хиббан).
Алла Тағала қасиетті айда ішімдік сатудан бастартқан барша кәсіпкерлеріміздің ниеттерін қабыл етіп, істеріне, отбастарына береке берсін!
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі.



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

