БАС ИМАМ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС-САПАРМЕН БАРДЫ

БАС ИМАМ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС-САПАРМЕН БАРДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы іс-сапармен Жамбыл ауданына барды. Сапар барысында ол аудан орталығындағы "Бәйдібек" мешітін аралап, мешіттің жағдайымен танысты.

Бас имам мешіттің асханасы, кітапханасы, жылыту жүйесі мен бейнебақылау жүйесін жіті тексеріп, жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар, ол Шайқорық ауылындағы "Айдарбек ата" мешітіне арнайы барып, жөндеу жұмыстарының сапасын көріп, мешіттің қазіргі жай-күйін бағалады.

Іс-сапар барысында аудан имамдарына нақты тапсырмалар жүктеліп, мешіт қызметін одан әрі жандандыру, діни сауаттылықты арттыру және жамағатқа қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыстарды күшейту жөнінде кеңестер берілді.

Бұл сапар өңірдегі мешіттердің қызметін жақсарту, діни ағартушылық жұмыстарын жүйелеу және жамағатқа сапалы қызмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: