Қасиетті Рамазан айының басталуына орай 77 TV телеарнасының "Өзекті" бағдарламасында маңызды сұхбат өтті. Бағдарлама қонағы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Рамазанның ерекшеліктері, оның рухани мәні және мұсылман қауымы үшін маңызы туралы кеңінен әңгімеледі.
Бағдарлама барысында Рамазан айының ерекшеліктері, оның рухани және тәрбиелік мәні жайлы кеңінен айтылды. Сонымен қатар, жамағат тарапынан жиі қойылатын сұрақтардың бірі – өткен жылдан қалған қарыз оразаны өтемей, биылғы Рамазанда ауыз бекіту мәселесі де назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, пітір садақаның маңызы, оразаны бұзбайтын жағдайлар, сәресінің берекесі сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.
Толық нұсқасын 77 TV телеарнасынан тамашалай аласыздар!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі