ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕШІТТЕРІНДЕ ТАРАУЫҚ НАМАЗЫ БАСТАЛДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕШІТТЕРІНДЕ ТАРАУЫҚ НАМАЗЫ БАСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Барша мұсылман үмметі сағына күткен қасиетті Рамазан айы да келіп жетті. Бұл ай – мейірім мен кешірім, сауап пен сабыр айы. Сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Хақ Тағала сендерге оразаны парыз етсе, мен тарауық намазын сүннет еттім. Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстап, тарауық намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады», – деген.

Бүгін Жамбыл өңірінің мешіттерінде тарауық намазы басталды. Орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы насихат айтып, жамағатты тақуалыққа, сабырға, сауапты амалдарға шақырды.

Сондай-ақ, ол Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қасиетті Рамазан айына арналған құттықтауын жеткізіп, жамағатты Құран хатымын түсіретін қарилармен таныстырды. Биылғы тарауық намазында қарилар ұстазы Амангелді Бірлік пен шәкірті Халитұлы Оспан жамағатқа имамдық етуде.

 Барша мұсылман қауымына қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Алла Тағала ұстаған оразаларыңызды, жасаған құлшылықтарыңызды қабыл етсін!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: