АЛҒАШҚЫ АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫ ЖАЙЫЛДЫ

АЛҒАШҚЫ АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫ ЖАЙЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының келуімен облыстық орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде алғашқы ауызашар дастарханы жайылды. Жыл сайынғы дәстүрге сай, биыл да жамағатқа кең дастархан жасалып, ауыз бекіткен мұсылмандарға ерекше құрмет көрсетілді. Биылғы ауызашардың ауқымы кеңейіп, оған жиналған жамағат саны да артты. Бұл игі шара жамағаттың басын біріктіріп, қасиетті айдың рухани маңызын терең сезінуге мүмкіндік берді.

Алла разылығы үшін таңның атысы мен күннің батысы аралығында ішіп-жемнен, нәпсі қалауларынан тыйылып, сабыр мен төзімділік танытқан мұсылман жамағаты ақшам намазынан кейін мешіт асханасында бас қосып, берекелі ауызашар дастарханынан дәм татты. Жамағаттың рухани қуанышын еселеу мақсатында мешіт ұжымы ауызашарға келгендерге арнайы сыйлықтар табыстады. Бұл игі шара жамағаттың ризашылығын арттырып, Рамазанның шапағатын сезіндіре түсті.

Бұл игі дәстүр қасиетті Рамазан айының соңына дейін жалғасатын болады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: