РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ: "ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ" МЕШІТІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ: "ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ" МЕШІТІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам әлемі үшін қасиетті Рамазан айының жақындауына орай, Тараз қаласындағы облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл шара – қасиетті айды жоғары деңгейде қарсы алу мақсатында ұйымдастырылған маңызды бастамалардың бірі.

Мешіт аумағы мен ішкі залдары толықтай жуылып, аулаға арналған жиналмалы жайнамаздар сатып алынды. Жамағаттың ыңғайлы құлшылық етуіне жағдай жасау үшін мешіт қызметкерлері мен еріктілер жұмыла еңбек етті.

Бұл игі іс Рамазан айының рухани тазалықпен басталуына және жамағаттың ерекше ықыласпен құлшылық жасауына жағдай жасауға бағытталған.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: