Қасиетті Рамазан айының келуімен еліміздің барлық мешіттерінде Құран хатымдары жасалуда. Бұл сауапты амал облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде де жалғасын тауып, жамағатты рухани кемелденуге шақыруда.
Аталмыш мешітте тәлім алып жатқан Құран қарилары қасиетті ай бойы күн сайын бесін намазынан кейін бір парадан Құран оқып жатыр. Бұл шара жамағатқа Құранның мағынасын терең түсініп, жүректерін иман нұрымен сәулелендіруге мүмкіндік береді.
Бесін намазынан кейін мешітке жиналған жамағат Құран аяттарын тыңдап, рухани әсер алып жатқандарын жеткізді. Бұл игі бастама қасиетті Рамазан айының қадір-қасиетін сездіріп, жамағаттың бірлігін бекемдеуге үлес қосуда.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі