ЖАМБЫЛДА РАМАЗАН АЙЫНА АРНАЛҒАН БРИФИНГ ӨТТІ

ЖАМБЫЛДА РАМАЗАН АЙЫНА АРНАЛҒАН БРИФИНГ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде қасиетті Рамазан айына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, биылғы Рамазан айының өту тәртібі, ұйымдастырылатын шаралар, Қадір түні мен пітір садақасына қатысты маңызды ақпаратпен танысты.

Баспасөз мәслихатын модератор, Нұрсұлтан Маратұлы жүргізіп, жиынның мән-маңызын айқындап өтті. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы:

"Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Бұл айда мұсылмандар ізгі амалдар жасауға, рухани кемелденуге ерекше мән береді. Рамазан – сабыр мен тақуалық айы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітті. Алла қаласа, 2025 жылы Рамазан айы 1 наурызда басталып, 29 наурызда аяқталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі болып белгіленді. - деп атап өтті."

Сондай-ақ, кездесуде облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек сөз алып, Рамазан айының адам руханияты мен қоғамдағы береке-бірлікті нығайтудағы рөлі туралы баяндады. Ол жамағатты қасиетті айда сауапты істерді арттырып, ізгілік пен мейірімділікке басымдық беруге шақырды.

Кездесу барысында қасиетті айда өңір мешіттерінде ұйымдастырылатын рухани іс-шаралар туралы айтылды. Рамазан айында ауызашар дастархандары жайылып, қайырымдылық акциялары өткізіледі. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақа мөлшері 655 теңге болып бекітілгені хабарланды. Пітір садақаны ұн, құрма немесе мейіз құнымен беруге болады. Сонымен қатар, мешітке баруға мүмкіндігі жоқ жамағат пітір садақаны онлайн түрде мобильді банк қосымшалары арқылы аудара алады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: