Қордай ауданы, Масаншы ауылындағы дүнген ұлтынан шыққан дін қызметкерлері қазақ тілін үйренуге кірісті.
Ауданның бас имамы «Имам Ағзам» мешітінің жанындағы арнайы сыныпта жиналған имамдарға мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығын түсіндіріп, қазақ тілі мұғалімін таныстырды. "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы болып табылатын барлық мешіттерде уағыз-насихат мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс", – деді ол өз сөзінде.
Имамдарға қазақ тілін үйрету мақсатында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Салима Ерменова арнайы сабақтар өткізетін болды. Оқыту аптасына екі рет ұйымдастырылып, дін қызметкерлерінің тілдік деңгейін көтеруге бағытталады.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі