Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы дүнген ұлтынан шыққан дін қызметкерлері қазақ тілін үйренуге кірісті.
Ауданның бас имамы Сортөбе ауылындағы «Имамдар үйінде» жиналған имамдарға мемлекеттік тілді білудің маңыздылығын түсіндіріп, оның діни қызметтегі рөлін атап өтті. Өз сөзінде:
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы болып табылатын барлық мешіттерде уағыз-насихат мемлекеттік тілде жүргізілуі керек", – деді бас имам.
Осы мақсатта Аудандық тілдер орталығы арнайы ұстаздарды тағайындап, имамдарға аптасына екі рет қазақ тілін үйрету сабақтарын ұйымдастыратын болды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі