ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Бүгін Жамбыл облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2025 жылға арналған Бағдарлық баяндамасына орай имамдардың жиналысы өтті. Шараға өңірге қарасты барлық қала, аудандардың бас имамдары қатысты. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы сөз сөйлеп бірқатар маңызды мәселелерді атады.

Бас қосу қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Бас имам өз баяндамасында 2025 жылдың «Ислам және отбасы құндылығы» жылы болып жарияланғанын атап өтіп, отбасылық тәрбиенің, ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, 2024 жылдың қорытындысына сәйкес Жамбыл облысы ҚМДБ бекіткен бес бағыт бойынша елімізде 1-орын алғанын жеткізді.

«Биылғы жылы имамдар төрт негізгі бағытта жұмыс атқарады: Дін мен дәстүр, Ихсан және насихат, Діни оқу-ағарту, Жат діни ағымдардан», - деп атап, бас имам жауаптыларды бекітті.

Алдағы уақытта ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай біршама іс-шаралар атқарылмақ. Жиын барысында Жамбыл облысында екі ғылыми-тәжірибелік конференция өтетіні белгілі болды. Атап айтсақ, Бірінші, конференция маусым айында «Исламның қазақ жеріне келуі мен түркілердің исламды қабылдауы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және екінші, тамыз айында «Қазақ даласына тарихта есімі қалған аналарымыздың келбеті» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Сонымен қатар шарада Қазақстан мұсылмандарының Х Құрылтайында ҚМДБ «Жарғысында» бекітілген негізгі Құрылымдардың қатарына «Тәртіптік кеңес» енгізілгені тілге тиек болды.

Өңірдегі діни қызметтің дамуына ерекше үлес қосқан имамдар марапатталып, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан алғыс хаттар табысталды. Олардың қатарында Жәпек Ғалымбек, Мұрат Нұрлан, Әмірбеков Ғарифулла, Тұрғанов Ильяс, Қожахметов Халит, Әмиров Абдужаппар, Иманалиева Жазира және аудан-ауылдардан 47 имам-молда бар.

Жиын соңында бас имам дін қызметкерлеріне бірқатар тапсырмалар жүктеп, атқарылатын жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуы қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, мешіттерді заңды рәсімдеу, жаңа мешіттердің құрылысын тек ресми рұқсатпен жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 Айта кетейік, жиынға өңір имамдарымен қатар облыстық мешіт қызметкерлері де қатысты.

 Ақерке ШАХРИЗАТҚЫЗЫ

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: