"Күн шыққан күндердің ең жақсысы - жұма болып табылады, өйткені осы күні Адам жаратылған, осы күні ол Жұмаққа кіргізіліп әрі осы күні Жұмақтан шығарылған" (Мүслім).
Бірінші адам жұма күні жаратылып, осы күні Жұмаққа кіргізіліп әрі осы күні Жер бетінде халиф болу құрметіне ие болғандықтан, жұма адамдар үшін ең үлкен мереке болып табылады.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық "Қордай" мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты Ражаб айының жұма күні бас қосты. Әйел-қыздар жамағатына жұма күнінің қасиетті күн екенін, мұсылмандардың мейрамы, оны білім алумен, құлшылықпен өткізу керек екенін дастархан бас басында айтып түсіндірілді. Алдымыздағы Шағбан айына даярлық жасалды. Ражаб айын берекелі өткізіп, Шағбан айында жалғасқан құлшылық, Рамазанға даяр болуға себеп болуын жеткізді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі