ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫ ЕҢЛІК МҰРАТҚЫЗЫМЕН ДИДАРЛАСТЫ

ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫ ЕҢЛІК МҰРАТҚЫЗЫМЕН ДИДАРЛАСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ Түркістан облыстық әйел-қыздар секторының жетекшісі Еңлік Мұратқызының қатысуымен ерекше рухани кеш өтті. Арнайы шақыртумен келген ұстаз «Айна қойдым алдыма, көрейін деп өзімді» тақырыбында тағылымды уағыз жүргізіп, әйелдер қауымына терең ой салатын әсерлі әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында қыз-келіншектер мен әжелер рухани құндылықтар, өзін-өзі тану және отбасылық береке-бірлікті сақтаудың маңыздылығы жайлы тың деректер мен маңызды кеңестер алды. Жанға жылу сыйлаған бұл шараға 100-ге жуық нәзік жандылар қатысып, ұстаздың ақыл-кеңестеріне құлақ түрді.

Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, осындай рухани кештердің қоғамдағы әйелдердің ішкі жан дүниесін байытып, бірлік пен сыйластыққа ұйытқы болатынын ерекше атап өтті.

Бұл кездесудің басты мақсаты – әйел қауымын рухани тұрғыда дамытуға және отбасы мен қоғамдағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Ақерке ШАХРИЗАТҚЫЗЫ

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: