«Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының демеушілігімен мешітте ақ дастархан жайылып, шараға ауданның имамдары мен ауыл тұрғындары қатысқан болатын.
Алғашқы сөз алған арнайы іс-сапармен келген РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұл ұстаз ұрпақ тәрбиесі жайында сүбелі уағыз айтып, ізгі ұрпақ тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, «Кәрібай молда» мешітінің имамы Аят Дыбысұлы білім алудың артықшылығы туралы өз пікірін білдірді.
Ас үстінде жасалған насихат тыңдалғаннан кейін, жамағат рухани байып, ризашылықтарын білдірді. Шараның соңында бас имам Алмас Кенжемолдаев бата жасап, құттықтау сөзін айтты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі