Тұрар Рысқұлов ауданының Абай ауылдық «Қалқабай ата» мешітінің имамы Талғат Баймұханбетұлының ұйымдастыруымен жағдайы төмен 5 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Қайырымдылық көмек күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік түрінде жасалды.
Қайырымдылық жасау – садақа беру адамның рухани байлығы мен сауабы үшін аса маңызды іс. Әбу Һұрайрадан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Күнде таңертең көктен екі періште түседі. Оның бірі: «Уа, Раббым! Жолыңда жұмсағанның мал-мүлкін арттыр!» – деп дұға етсе, екіншісі: «Уа, Раббым! Сараңды шығынға батыр!» – деп дұға етеді». Бұл хадис садақаның адамға тек қана материалдық емес, рухани жақтан да үлкен пайда әкелетінін көрсетеді.
Акция барысында тұрғындарға көмек қолын созу арқылы, қоғамда ынтымақтастық пен бірлік орнатылып, Алланың нығметтеріне ие болуға шақырылды. Қайырымдылықтың мәні мен мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету, олардың тұрмысын жақсартуға үлес қосу.
Қуаныш Түзелбеков,
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі