Шу: «Құпия дос» ойын кеші өтті

Шу: «Құпия дос» ойын кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шәкірттер арасында достық пен бауырмашылдықты насихаттау мақсатында «Төле би» мешітінің ұстазы Насихат Доғдырбайқызының ұйымдастыруымен «Құпия дос» ойын кеші өтті.

Кеш барысында әйел-қыздар жамағаты ақ дастархан басында жиналып, «Алланың уәлиі» жайында терең насихат айтылды. Жиналғандар бір-біріне жүрек тербетер жылы тілектер айтып, қолдарынан келген хадиялармен сыйлықтар берді.

Алайда, ең басты сыйлық — бұл әйел қауымының бауырмашылдығы мен сүйіспеншілігі болды. Кеш соңында жиналғандар көтеріңкі көңіл-күймен, жүздерінен күлкі кетпей тарқасты.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: