Шу: Оразалы ауылында қайырымдылық шарасы өтті

Шу: Оразалы ауылында қайырымдылық шарасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық жасау – қазақ халқының ең ұлы дәстүрлерінің бірі. Осы асыл мұраны жалғастыра отырып, Оразалы ауылының «Оразалы» мешітінің имамы Нұрдәулет Дүйсекбаевтың ұйымдастыруымен ауылда қайырымдылық шарасы өткізілді.

Шара барысында 3 отбасыға көмек көрсетіліп, бір бас қой сойылып, етін жағдайы төмен отбасыларға табыстады. Сонымен қатар, күнделікті тұтынатын азық-түліктер де жеткізілді. Қайырымдылық шарасына жұмсалған жалпы қаражат сомасы 120 мың теңгені құрады.

Бұл ізгі іс шараны жабырай өткен ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, ақ самайлы әжелер батасын берді.

Шу ауданының баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: