Шу ауданына арнайы сапармен келген Республикалық дінтанушылар орталығының (РАНТ) мүшесі Қанат Жұмағұл орталық «Жәми» мешітінде жұма намазына жиналған жамағатпен кездесіп, рухани уағыз айтты.
Қанат Жұмағұл дін қызметкері ретінде «Қоғамдағы жауапкершілік» тақырыбына тоқталды. Ол әрбір мұсылманның өз елінің тыныштығы мен халықтың береке-бірлігін сақтаудағы рөліне ерекше назар аударып, еліміздің дамуы мен исламның өркендеуі үшін әрқайсымыздың жауапкершілігіміздің маңызды екенін атап өтті.
Уағыз соңында Қанат Жұмағұл жамағаттың сұрақтарына тұшымды жауап беріп, дін мен қоғам арасындағы байланысты тереңірек түсіндірді.
Бұл рухани кездесулер қоғамда өзара түсіністік пен діни білімді арттыруға зор үлес қосуда.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі