Қазақ халқының рухани асыл қазынасы саналатын мешіттерде имам-молдалардың білімін шыңдау, жаңартып, тереңдету маңызды. Осыған орай, Шу ауданының «Жәми» мешітінде имамдар семинары өткізілді. Семинарды РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұл жүргізді.
Бұл шараға Шу ауданының қала және ауыл имамдары қатысты. Семинарда дін қызметкерлеріне қоғамдағы жауапкершілік, имамның қызмет әдебі, өзін-өзі ұстау мен уағыз-насихат айту тәртібі жайында дәріс оқылып, маңызды тақырыптар қозғалды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі