Шу ауданы: Мұсылманның рөлі мен жауапкершілігі

Шу ауданы: Мұсылманның рөлі мен жауапкершілігі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ халқының рухани құндылықтарына негізделген Ислам діні адамның тек жеке басына емес, қоғамға да пайда тигізетін ізгі амалдар жасауға шақырады. Осы орайда Шу ауданының орталығында орналасқан «Төле би» мешітінде қасиетті жұма күні жұма намазы оқылды.

Мешітке жиналған жамағатқа «Кәрібай молда» мешітінің имамы Аят Дыбысұлы уағыз айтып, асыл дініміздің адамзат үшін үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Имам қоғамда мұсылманның рөлі мен жауапкершілігі жайында сөз қозғап, әрбір мұсылманның өз іс-әрекеттері арқылы қоғамға игі ықпал етіп, жақсылығы мен игілігін жалпы жұртқа арнауы тиіс екенін түсіндірді.

Уағыздан кейін жамағат Құран тыңдап, имамның батасын алды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: