Шу: «Зікір айту» тақырыбында тағылымды уағыз өтті

Шу: «Зікір айту» тақырыбында тағылымды уағыз өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаға зікір айту – бұл Жұмақтың рахатын еске салатын қасиетті амал. Зікір айтушы жамағат – періштелер қоршаған жиын. Осындай рухани басқосу Шу ауданына қарасты Төле би ауылындағы «Төле би» мешітінде өтті.

Кездесуге Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев қатысып, мешіт жамағатымен жүздесіп, «Зікір айту» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат жүргізді.

Уағыз барысында Алмас Кенжемолдаев зікір айтудың жүректі тазартып, адамды рухани кемелдікке жетелейтін қасиеті мен маңызына тоқталды. Ол зікірдің адам жанына тыныштық сыйлап, жүректегі кір мен шаңды кетіретінін атап өтті.

Жиын еркін сұхбатпен жалғасып, жамағат өз сұрақтарын қойып, мазмұнды әңгімеге қатысты. Соңында мешіт жамағаты намазда бір сап түзеп, қасиетті амалды ұжымдық түрде орындады.

Мұндай басқосулар рухани құндылықтарды арттырып, жамағат арасында бірлікті нығайтатыны сөзсіз.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: