Қордай: "Әжелер алқасы" мүшелеріне төрт жыл

Қордай: "Әжелер алқасы" мүшелеріне төрт жыл

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ халқының бала тәрбиесіндегі үздік дәстүрлерінің бірі – әже мектебі. Өкінішке қарай, бүгінде бұл құнды мұра жойылу қаупінде тұр. Тіпті "әже" деген қасиетті атаудың өзі көптеген жерлерде жалпыға ортақ "апа" сөзімен алмастырылуда.

Осы құндылықтарды жаңғырту мақсатында Жамбыл облысы Қордай ауданының аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызы әйелдер мен қыз-келіншектер жамағатының басын ақ дастархан басында қосты. Бұл басқосу "Әжелер алқасының" құрылғанына төрт жыл толуына арналды.

Кездесу барысында қатысушылар өткен жылдардағы алқа жұмыстарына шолу жасап, жас ұрпаққа бағытталған насихаттар, игі тілектер мен берілген баталар үшін алқа мүшелеріне алғыс білдірді. Алғашқы төрайымы Бескемпірқызы Гүлбану апай мен Аманғалиқызы Айнагүл апайларға ерекше ризашылық сөздер айтылды. Сонымен қатар, жаңадан төрайым тағайындалды. Бұл құрметті міндет аудандағы сыйлы әже, еңбек сіңірген азаматша Бабикенова Жұмакүл апайға жүктелді.

Кездесу барысында әжелер алқасының ағымдағы жылға жоспарланған жұмыстарын талқылау және тапсырмаларды бөлісу де назардан тыс қалмады. Жамағаттың ауызбірлігі мен ынтымағы кездесудің басты рухани өзегіне айналды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: