Мойынқұм ауданына қарасты Биназар ауылдық округінің имамы Есқараев Қуаныш ата-аналармен кездесіп, бала тәрбиесінің маңыздылығы жайында тағылымды әңгіме өрбітті.
Имам Қуаныш ата-аналарға бала тәрбиесіне жүрдім-бардым қарауға болмайтынын ерекше атап өтті. Бүгінгі жас буынның буыны қатпаған, өмірлік ұстанымы толық қалыптаса қоймағандықтан, теріс ағымдардың жетегіне оңай түсіп кетуі мүмкін екенін ескертті.
Кездесу барысында теріс ағымдардың негізгі белгілері жан-жақты түсіндіріліп, олардан сақтану жолдары туралы кеңестер берілді. Сондай-ақ дәстүрлі дініміздің құндылықтары мен ата-бабаларымыздан мирас болған рухани тәрбие дәстүрі ата-аналарға жеткізілді.
Осындай кездесулердің ауыл тұрғындарына берері мол. Бала – болашағымыз. Сондықтан оның саналы азамат болып өсуі үшін қоғам болып атсалысуымыз қажет.
Мойынқұм тілшісі.